№1 педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы
26
август
2025

№1 педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы

    26 тамыз 2025 жылы №16 Төлеубай Аманов атындағы  жалпы орта білім беретін мектепте «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны, негізгі бағыттары таныстырылды. Нұсқау хаттағы жаңашылдықтар мектептің жылдық жұмыс жоспарымен тығыз байланысты қарастырылып, мұғалімдердің кәсіби қызметінде басшылыққа алу ұсынылды. 
     2024-2025 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары талқыланды. Мектептің оқу-тәрбие  жұмысының жоспары, оқу жүктемесі, білім алушылардың тізімдік құрамы, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, педагогикалық кеңес  пен әдістемелік кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары, тәрбие жұмысының жоспары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары бекітілді. 2024-2025 оқу жылы бойынша педагогтерді аттестаттаудан өткізудің нәтижесіне тоқталып, 2025-2025 оқу жылында біліктілік санатын алуға немесе нақтылауға өтініш білдірген педагогтер нақтыланды. Педагогикалық кеңес барысында мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі жөнінде де хабарламалар тыңдалды.
Кеңестің соңында әртүрлі мәселелер қарастырылып, алдағы оқу жылына нақты міндеттер белгіленді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив