05
май
2025
«Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» тақырыбында бірыңғай ерлік сабағы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары аясында 4 «Ә» сыныбында «Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» тақырыбында бірыңғай ерлік сабағы өтті. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларға тарихи сананы қалыптастыру, батырларымыздың ерлігін құрметтеуге баулу болды. Сынып жетекшісі Қағазбаева К.Р балаларға соғыс тарихынан мағлұмат беріп, Ұлы Отан соғысының мәні мен маңызын түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар батырлар туралы өлеңдер оқып, майдангерлердің ерлік оқиғаларын талқылады. Ардагерлердің суреттері мен тарихи деректер көрсетіліп, әр оқушы батырларға деген алғысын сөзбен жеткізді. Сабақтың тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында бейбітшіліктің қадірі мен соғыстың ауыр зардаптары жайлы әңгіме жүргізілді. Оқушылар батырларға арнап өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын ұсынды. Ұйымдастырушылардың мұқият дайындығының арқасында іс-шара әсерлі және мазмұнды өтті. Осындай сабақтар балалардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, тарихты құрметтеуге тәрбиелейді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту – болашақ ұрпаққа батырлықтың мәңгілік үлгісін қалдырудың маңызды жолы.
