Ұжымымен интернет алаяқтық тақырыбында дәріс
«16 Т. Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен интернет алаяқтық тақырыбында дәріс жүргізді.
Абай облысы ПД Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі М.З. Нурекенов оқушылар мен ұстаздарға интернет алаяқтықтың түрлері, одан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жайлы мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында М.З. Нурекенов интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану үшін қандай іс-шаралар қолдану керектігін нақты мысалдармен түсіндіріп, киберқауіпсіздік ережелерін ұстанудың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың интернеттегі қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге байланысты пайдалы кеңестер ұсынды.
Осындай маңызды ақпараттармен бөліскені үшін М.З. Нурекеновке алғыс білдіреміз! Бұл шара оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыруға және саналы азамат болып қалыптасуларына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.
