18
декабрь
2024
«Жас сарбаздар» мамандандырылған сыныбы
18.12.2024 жылы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сарбаздар» мамандандырылған сыныбының оқушыларын «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше болып қабылдануына байланысты салтанатты жиын өтті.
Жиынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Ажибаев Дархан Саттарұлы, Абай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Шәріпханов Қанат Қабдыгаләмұлы, Абай өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлері, «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК әскери патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Курманов Болат Анарбекұлы, ҚРҚК ұлттық әскери патриоттық орталығының Семей қалалық филиалының бастығы подполковник Джумагулов Нурсултан Аликұлы және Ауған соғысының ардагерлері, Манасов Айдар Тортайұлы, Сыздықов Ғажайып Төлеусейітұлы, қалалық бөлімінің әдіскері Дидар Қайратұлы қатысты.
Жас сарбаздар саптық жаттығуларын көрсетіп, үйренгендерін ортаға салды. Білім алушылар сарбаз антын қабылдап, полковник Д.С.Ажибаев оқушыларға куәлік табыстады. Аталмыш іс-шараға «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының сарбаздары қатысты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен №16 Төлеубай Аманов атындағы мектеп әскери-патриоттық тәрбиені дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Ұлттық әскери патриоттық орталықтың оркестрлерінің сүйемелденуімен өткен іс-шарада әншілер өз өнерін көрсетті.