13
ноябрь
2024
10-11 сынып ата-аналарына: «Өмір бойы оқу: НЕ ҮШІН? ҚАЛАЙ?»
«№16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектепте» жоғары сынып ата-аналарын қолдау орталығында 2024 жылдың 13 қарашасында мектепте 10-11 сынып ата-аналарына: «Өмір бойы оқу: НЕ ҮШІН? ҚАЛАЙ?» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үдерістерін қолдауға дайындау.
Сабақ барысында мектеп психологы ата-аналармен бірқатар тренингтер өткізді. Бұл тренингтер балалардың тұлғалық дамуына, өз алдына мақсат қоя білуіне және оны жүзеге асыруына қолдау көрсету жолдарын үйретуге бағытталды. Психолог ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату және жасөспірімдерге қолдау көрсету әдістерін талқылады.
Сынып жетекшілері жиналысты үйлестіре отырып, оқу-тәрбие процесіндегі ата-аналардың рөліне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, өмір бойы оқу қажеттілігі мен маңыздылығы жайында ақпарат беріліп, оқушылардың болашақ кәсіби жолдарын таңдаудағы ата-аналардың қолдауының шешуші маңызы атап өтілді.
Іс-шараның нәтижесінде ата-аналар жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде ықпал ету үшін өздерінің жаңа дағдыларын дамытуға дайын екендіктерін білдірді.