27
сентябрь
2024
«Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының негізі"
2024-2025 оқу жылында тақырыбы «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының бірінші сабағы өтті. Мақсаты: ата-аналардың баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ұйқыға құндылық көзқарасын дамыту.
Сабақ кіріспесіндегі «Менің балам» сергіту жаттығуында ата-аналар өз баласын, оның мүдделерін немесе бірлескен қызметін 2 сөйлеммен сипаттап айтты. «Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері» туралы мектеп психологының шағын лекциясы тыңдалды, ата-аналар тақырып бойынша пікірлерін білдірді.Толыққанды ұйқының денсаулық үшін аса қажет екеніне көз жеткізіп, маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
«Дұрыс ұйқы ережелері» тапсырмасын топпен бірлесе орындау арқылы дұрыс ұйқының нұсқаулығын жасады. Ұсынылған жағдаяттық тапсырмалар ата-аналарға баланың салауатты ұйықтауының пайдасын түсіндірді.
Жауапты: Баяхметова Г.С. Тұрысбекова Ш.Қ.
