08
май
2024
Бейсен Жұмагелдіұлының 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш тақта
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің әдіскер ұстазы, Ұлы Отан және Кеңес-Жапон соғысының майдангері, еңбек ардагері, Жұмагелдин Бейсен Жұмагелдіұлының 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына мектептің ардагерлері, Абай облысының әкімдігі, ардагерлер кеңесі, білім басқармасы, мәдениет басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі, Қорғаныс министрлігінің Шығыс өңірлік қолбасшылығы және Бейсен Жұмагелдіұлының шәкірттері мен туыстары қатысты. Ескерткіш тақтаны ашу салтанаты құрметпен Абай облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Семей қаласы мен Абай ауданының құрметті азаматы Мұрат Әлин және филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Слямұлына берілді.

