22
ноябрь
2023
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» аталар мектебі
№16 Төлеубай Аманов тындағы жалпы орта білім беретін мектептепте «Даналық мектебі» клубы ашылған. 7-сынып оқушыларына шежіре мен әулет тарихан білу, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау мақсатында «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген тақырыпта аталар мектебімен бірге алқалы жиын өтті. Оған 7 «А» сынып оқушысы Маратов Аядильдің атасы – Нугманов Марат Мухаметханович және 7 «Б» сынып оқушысы Бектасов Алпамыстың атасы – Жумагалиев Бектас Таканович аталарымыз қатысты. Аталар шежіре, қанның тазалығы, әулет тарихы туралы өте құнды әңгімелер айтып, пікір алмасты.