Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы А.А.Бектурсынова » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы А.А.Бектурсынова
10
июль
2023

Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы А.А.Бектурсынова


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрлігінің салалық

көтермелеу жүйесіне

5-қосымша




МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ


  1. Тегі, аты, әкесінің аты:Бектурсынова Айгерим Амангельдиновна
  2. Лауазымы, жұмыс қызмет орны (кәсіпорынның, мекеме, ұйым, бөлімшесінің дәл атауы  көрсетіледі): Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, география пәні мұғалімі.
  3. Жынысы:әйел
  4. Туған жылы мен туған жері:24.02.1974 жыл, Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Өндіріс ауылы 
  5. Ұлты: қазақ
  6. Білімі: жоғары, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 2008 жылы «география» мамандығы бойынша бітірген.
  7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
  8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған  және марапатталған уақыты:жоқ
  9. Үйінің мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы,  Бөгенбай батыр 32
  10. Жалпы жұмыс өтілі: 30 жыл
  11. Саладағы жұмыс өтілі: 28 жыл
  12. Осы еңбек ұжымындағы  жұмыс өтілі: 13 жыл 
  13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды ескере отырып, балдары көрсетілген мінездеме.

Барлығы: 55 балл, оның ішінде:

Бектурсынова Айгерим Амангельдиновна 2010 жылдан бастап Абай облысы, Семей қаласы білім бөлімінің №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.5 балл

«География сабағында оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін шыңдау арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» өзекті тақырыбы бойынша рухани жетілген, білім-білігі дамыған, қоғамдағы өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеуде ізденіспен жұмыс жасап келеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде 2021 жылы Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазын дайындағаны үшін, Республикалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар жеңімпазын дайындағаны үшін, 2022 «Әлихан Бөкейхан» ұлттық білім сайысының Облыстық, және Республикалық кезеңіне оқушы дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 3 балл

Айгерим Амангелдиновна 2018  жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  инновациялы жоба” атты жарияланымдардың облыстық байқауында ІІІ орын,   2019 жылы География пәнінен Республикалық ПЕДСТАРТ» қашықтық опиадасында ІІ орын, 2020 жылы 3 орын иеленді. География пәнінен  мұғалімдер олимпиадасынан КИО-дан облыс бойынша 2021 жылы ІІ орын алды. Сондай-ақ, 2020 жылы Республикалық «Виртуалды білім беру бағытының аясында еліміздегі үздік педагогтардың Эстафетасы» сайысының сертификатымен марапатталды. 2021 жылы Республикалық «Оnline Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауында ІІІ дәрежелі сертификат,   Республикалық «Оnline Mektep-тегі үздік ТЖБ» байқауында ІІІ дәрежелі сертификат алды. 8 балл

Оқушылары жыл сайын әр түрлі деңгейдегі республикалық, облыстық, қалалық олимпиада, сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, ұстаз еңбегінің  жемісін көрсетуде. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық онлайн  олимпиадасы Әскерғазы Қ. ІІІ орын, облыстық қашықтықтан өткізілетін «Табиғатты аяла» Жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілер  форумында  «Табиғатты қорғау шеңбері» «Экологиялық квест номинациясы» бойынша Г.Абылгазымова І орын, облыстық қашықтықтан өткізілетін «Табиғатты аяла» Жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілер  форумында «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша Г.Абылгазымова ІІІ орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде М.Оразов,  А.Меллетхан ІІ орын, «Baytaq El» экологиялық Республикалық қашықтық олимпиадасында А. Қалимбеков  ІІІ орын, «Өлкетану  сағаты:кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» облыстық қашықтық интернет-байқауында Мұратқан Алина І орын,Республикалық  «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысқан 6-сынып оқушылары: Д.Болат І орын; А.Усман, Е.Мырзатаева, Е.Омарханов ІІ орын, Д.Аленова ІІІ орын, аудан бойынша II орын республикалық қашықтық  KIO олимпиадасынан алғаны үшін Д. Болат, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар жүлдегері М.Оразов,  А.Меллетхан ІІІ орын, облыстық қашықтықтан өткізілетін «Табиғатты аяла» Жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумында «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша М.Оразов І орын, республикалық кезеңде  ІІ орынға иеленді. 20 балл

Педагогикалық тәжірибені таратуда 2020 жылы 9-сыныпқа арналған «География» пәнінен тестік тапсырмалар жинағы, 2022 жылы «Географиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» әдістемелік-көмекші құралы жарық көрді. 2 балл

Педагог біліктілікті арттыру курстарынан уақытында өтіп отырады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша  педагог кадрлардың біліктілігін  арттыру.«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО, 2020 жылы «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» Center of Excellence NIS, 2021 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» пәні бойынша«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы. Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту.«Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілік курстарынан өтті.14 балл

   Мұғалімнің мақалалары халықаралық, республикалық, облыстық басылым беттерінен жарық көріп келеді. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, мектеп тынысындағы қоғамдық   жұмыстарға да белсене қатысатын, ғылыми ізденіске, ұстаздық шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, өз пәнінің әдістемесін терең меңгерген ұстаз. 2018 жылы Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал География және табиғат»  №5, «Кіріктірілген сабақ», Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал География және табиғат»  №6,  «Жер бедерінің жіктелуі, 2022 жылы «Мұғалім жетістігі – ізденіс нәтижесі» «Қазақстан мектебі» журналынан мақалалары жарық көрді. 3 балл.

Бектурсынова Айгерим Амангельдиновнаның кандидатурасы  «Абай облысы білім басқармасы  Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ комиссия отырысында талқыланып, 2023 жылғы 31 мамыр № 05 хаттама бойынша «Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен» марапаттауға ұсынылады.





«Абай облысы білім басқармасы 

Семей қаласы бойынша білім бөлімінің 

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ  директоры:                                       А.У.Сатаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив