13
май
2023
«Жасыл мекен» челленджі
ҚР Оқу –ағарту министірлігінің үйлестіруімен білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында «Тоғыз ай тоғыз іс-шара» аясында Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте «Жасыл мекен» челленджі 13.05 күні сағат 12.00-де мектеп парламенті оқушылары және мұғалімдердің қолдауымен өтті. Қарағай, үйеңкі, шырша, қайың, шынар, долана, шетен,жеміс ағаштары т.б. ( алма, алмұрт, қарақат, шие) ағашының көшеттері отырғызылып, гүл тұқымдары егілді.
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
Кез келген білім ошағы таза ауладан басталады. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанның сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» дегендей еліміздің болашағы дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын, толыққанды ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда.
Челлендж туралы ақпарат, бейнероликтер #жасыл_мекен хэштегімен әлеуметтік желілерге салынды #жасыл_мекен