05
май
2023
Ж. Базенұлы атындағы оқушылардың XIV қалалық зияткерлік олимпиадасы
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте математика және физика бойынша пәні бойынша «Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру ісінің үздігі» Ж. Базенұлы атындағы оқушылардың XIV қалалық зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың ашылу сәтінде алғашқы құттықтау сөзді Абай облысы әкімнің бірінші орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы сөйледі. Келесі құттықтау сөзді мектеп директоры Сатаева Айгуль Уасиловна жалғастырса, мектеп ұжымына алғысын білдіріп, оқушыларға сәттілік тілеген Жомарт Базенұлының жұбайы Жанаргүл Ескендірқызы жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар педагогтарға арналған семинар өткізілді. «Менталды карталарды оқытуда қолдану» тақырыбында семинарды математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Султашева Алмагуль Муратовна және математика пәні мұғалімі, педагог-модератор Аубакирова Арайлым Сакеновна жүргізді.


