20
апрель
2023
ҰСТАЗДЫҚТЫҢ СӨНБЕС ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ,ҰЛТ ҰСТАЗЫ-Қ.БІТІБАЕВА" өңіраралық аймақтық семинары
Академик Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы N37 мектеп -гимназиясында "ҰСТАЗДЫҚТЫҢ СӨНБЕС ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ,ҰЛТ ҰСТАЗЫ-ҚАНИПА БІТІБАЕВА" өңіраралық аймақтық семинары болып өтті. Семинарда фантастика жанрында жазылған Жүніс Сахиевтің "Қиял мен шындық" бөліміндегі "Дабыл" әңгімесі тақырыбындағы ашық сабақ 8-сыныптармен өткізілді. Жаңа сабаққа өтпес бұрын оқушының сыни ойлауын дамыту мақсатында," Ой тастауға" PISA тапсырмалары бойынша тақырыпқа өту тапсырмасы берілді. Бұдан ары ғалымдар, тілшілер, сарапшылар болып үш топқа бөлінген оқушылар, әңгіменің идеясын ашып, ондағы ұлттық құндылықтарға талдау жасау мақсатында "Ойлантуға" өте жақсы өте білді. Рөлдік ойынға бөлінген оқушылар өз тапсырмаларын қызыға орындады. Топтық жұмыс ретінде тақырыптық кесте толтырып, сабақтың мақсатын аша білді. "Ойлау" бөлімінде 3-2-1 тәсілі бойынша ой бөлісе алды . Пән мұғалімі N16 Т.Аманов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Оспанова Ляйля Тоқабайқызы
