07
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
««Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі 06.02.-17.02.2023 жыл аралығында өтеді. 06.02 күні аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты «Бауырсақ-береке» үлгісі бойынша басталды. Ұйымдастырушылар арнайы ұлттық тағамдардан дастархан жайып, оқушылар мен мұғалімдерге сұрақтар қойды. Сұраққа дұрыс жауап бергендер жайылған дастарханнан дәм татты. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында жасалған ашылу салтанаты өз мақсатына жетті.