01
февраль
2023
Қамқоршылық кеңес отырысы
Семей қаласындағы Төлеубай Аманов атындағы 16 мектепте мектеп директоры Б. Қ. Құрманғалиева Қамқоршылық кеңесте 2022 жылда атқарылған жұмыстар, жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп берді. Қамқоршылық кеңес мүшесі «Айша-Бибі мәдени- ұлттық орталығының» директоры Айман Ибраевна мектеп директорының жұмысына жоғары баға берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Дәурен Жұмағалиұлы алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
