23
январь
2023
"Ізгілік- өнегеліктің шыңы" онкүндігі
"Ізгілік" бірлестігінің "Ізгілік- өнегеліктің шыңы" онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің ашылуында бірлестік мүшелері ұстаздар мен оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алып, қызықты ойындар өткізіп және сый-сыяпат берді. Жоспар бойынша іс-шара жалғасады🤳
Әрбір адам өзінің жақсы жақтарымен, яғни мінезімен оның ішкі жан дүниесімен адамды баурап алатындай қасиеті болуы керек. Егер адамның ішкі жан дүниесі сұлу болса, оның сыртқы жан дүниесі де сұлу деген сөз. Адамдарға әрқашанда көмек қолын созып көмектесіп жүрсе, ол өзіне мың есе болып қайтады. Біздің ойымызша, «Ізгілік жоқ жерде әсемдік жоқ» деп ойлаймыз. Ғалым Сократтың өзі, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі деген. Ізгілік әрқашанда өлмейді. Себебі, ізгілік – өнегеліктің ең биік шыңы. Ізгі, мейірімді, қамқор адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, әрқашанда өзін бірінші орынға емес, өзгені қоятын адамдар жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол тек өзгеге «жақсылығым түссе екен, тек рахметтерін, баталарын алсам екен» деген ізгі ниетте болады. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Сондықтан барлығымыз бойымызға тек ізгілік нұрын жинайық.