«Екі жұлдыз» ән байқауы – өнер мен ынтымақтың жарқын көрінісі
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Дене шынықтыру, АӘД және музыка пән бірлестігі онкүндігі аясында ерекше әсерлі, мазмұнды шара – «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Музыка пәнінің мұғалімі Жусанбаева Ғалия Серғазықызының бастамасымен ұйымдастырылған бұл өнер сайысы жоғары деңгейде өтті. Байқауға Шәкәрім университетінің 3 курс студенттері мен Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің 4 курс студенттері белсене атсалысып, мектеп оқушыларымен жұптасып, әсерлі