Қамқоршылық кеңес отырысының №4 ХАТТАМАСЫ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының №4 ХАТТАМАСЫ
21
сентябрь
2018

Қамқоршылық кеңес отырысының №4 ХАТТАМАСЫ

«Шығыс Қазақстан облысы  Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қамқоршылық кеңес отырысының №4
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 21.09.2018ж
Уақыты: 10:00
Қатысқандар саны: 19 (оның ішінде 15 кеңес мүшелері, 4   мектеп әкімшілігі)
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
  1. Қамқоршылық кеңестің 2018 оқу жылында атқарған жұмысының есебі- кеңес мүшесі Шакиртова Дана 
  2. Қамқоршылық кеңес Ережесімен таныстыру. Кеңес құрамын келісу және жаңа 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспары- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дюсебаева Жанар Тюлькубайевна.
  3.  2018-2019 оқу жылының Үлгілік оқу жоспарымен, ішкі тәртіп Ережесімен таныстыру, мектептің оқу тәрбие жұмысын, 5 күндік оқу апталығына көшу, аптаның сенбі күні 9-11 сыныптарда сабақ және  вариативтік сағаттарды өткізу. 
Тыңдалды:
         Аталған мәселе бойынша мектеп директоры Б.Қ.Құрманғалиева жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырды. Онда бірінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылы мектепте Қамқоршылық кеңес құрылғаны, оның құрамы, құрылымы және қызметімен таныстырды. 
  1. Қамқоршылық кеңес мүшесі   Шакиртова Дана 2018-2019 оқу жылында 19 адамнан құрылған Кеңес жұмысына тоқталып өтті. Кеңес мүшелері қалалық білім бөлімі өткізген ақпараттық іс-шараларға, мектепішілік іс-шараларға қатысуы, қалалық қаражаттан бөлінетін ақшаның орынды жұмсалуы бойынша есеп берді. 
  2. Тәрбие ісінің орынбасары Қамқоршылық кеңес Ережесімен ондағы өзгертулермен, толықтырулармен таныстырды. Мектептің ішкі тәртіп Ережесімен , соның ішінде18бөлімдекөрсетілген«Мектепқабырғасында оқушыларға ешқандай үлгідегі бас киім киюге рұқсат етілмейтіні» туралы таныстырылып, келісуге ұсынылды. 
Оқушының сырт келбетіне және мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстырылды. Бірыңғай мектеп формасы мектептің ата – аналардың келісімімен бекітілген. 
Киім стилі - ер балалар үшін көк пен сұр түсті кофта мен жилет, ақ түсті көйлек, қою көк түсті шалбар, галстук, қыз балалар үшін көк пен сұр түсті кофта мен жилет, ақ кофта, қою көк түсті белдемше, күн суытқанда қыз балаларға классикалық үлгідегі қою көк түсті шалбар, галстук, ашық немесе қара түсті колготки. Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып екіге бөлінеді. Кеңес құрамы анықталып,төрайымы сайланды. 
  1. Оқу –тәрбие ісінің орынбасары Алиева Төлеуғайша Авалкановна 2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесімен ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. Барлық сыныптық сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін қоса алғандағы апталық оқу жүктемесі, сонысмен қатар Парламенттің алтыншы шақырылымының 2016 жылғы 25 наурыздағы бірінші сесссиясының ашылуындағы Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-8 сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін түрде көшу ұысыныс айтылды. Сабақтың ұзақтылығы 40 минут. Бескүндік оқу аптасына көшу жұмысы  жаңартылған білім мазмұнына байланысты жүргізілетіні және қандай Үлгілік оқу жоспары нұсқасын тандау мен 9-11 сыныптарда апталық жүктеме 39 сағат болғандықтан, аптаның сенбі күні 9-11 сыныптарда вариативтік сағаттар откізу туралы ұсыныс айтылды. 
Қамқоршылық кеңестің шешімі:  
  1. Қамқоршылық кеңес төрайымы  Бекишева Лаззат Маратовна, хатшысы Дюсебаева Жанар Түлкібайқызы сайлансын. 
  2. Мектептің таңдаған Үлгілік оқу жоспары негізінде оқу жұмыс жоспары жасау келісілді. 
  3. 1-8 сыныптар бескүндік оқу аптасына көшу келісілді.
  4.  Аптаның сенбі күні 9-11 сыныптарда вариативтік сағаттар өткізу келісілді. 
  5. 2018-2019 оқу жылындағы  Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған мектептің ішкі тәртіп Ережесі мен сол Ереженің 18 бөлімінде көрсетілген «Мектеп қабырғасында оқушыларға ешқандай үлгідегі бас киім киюге рұқсат етілмейтіні» келісілді. Оқушының сырт келбетіне және мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.
  6. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша жұмыс жүргізсін.  
«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Қамқоршылық кеңес төрайымы  Л.М.Бекишева 
Хатшы  Ж. Дюсебаева