28
ноябрь
2020
Сапышев Тілек Отанұлы

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сапышев Тілек Отанұлы
Лауазымдық міндеттері:
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды.
Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады .
Сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің
мазмұны мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады.
Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады.
Жұртшылық және құқық қорғау органдары,салауатты өмір салты орталықтарымен ,ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбиелеу процесінде қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бастауыш қазақ сыныптар , қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, қоғам, география, бейнелеу, технология, музыка пәндері бойынша білім беру сапасын бақылау
Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін.