«Махаббат вальсі» IV қалалық би фестивалі » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Махаббат вальсі» IV қалалық би фестивалі
18
март
2019

«Махаббат вальсі» IV қалалық би фестивалі

«Махаббат вальсі» қалалық би фестивалі
Өтетін орны:Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ
Күні:18.03.2019 ж
Байқаудың мақсаты
  • Композитор Бекен Жамақаевтың   халықтық қайнармен біте қайнасқан саф алтындай қайталанбас романстарын, лирикалық әндерін,  «Ертіс вальсі», арқылы адамзат баласын, жас ұрпақты жақсы көруге, туған жеріне тағзым етуге,  мейірімділікке баулу.
  • Композитордың әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып дарынды жастар тәрбиелеу;
  • ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру;
  • Вальс өнерін дамыту;
Күтілетін нәтижеҚатысушылар вальс каролі Бекен Жамақаевтың шығармаларымен, оның өмірбаянымен танысып, жалпы би оның ішінде вальс мәдениеті туралы ой-өрістері дамиды. 
Байқау шарттары        Байқауға әр жұп «Махаббат вальсі»  музыкасының 1 шумағы мен қайырмасына мағыналы қойылыммен     вальс  билейді. 
Байқау критерийі
  • Би қойылымының мазмұны;
  • биді орындау шеберлігі;
  • би алаңындағы мәдениеті;
  • өзін-өзі ұстауы және     костюм.
Әділ-қазылар
  1. Қалалық «Рухани жаңғыру» штабының жеткешісі А.
  2. Композитор Б.Жамақаевтың қарындасы Б М
  3. Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ би мұғалімі А. 
  4. А.М.А «Балалар мен жастар шығармашылық сарайының педагог-хареограф
Жүргізуші: Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен, табиғи талант иесі, композитор, «Вальс патшасы», диктор, актер, мектеп атын асқақтатқан түлек  Бекен Жұмабекұлы Жамақаевтың   ІY қалалық «Махаббат вальсі»     атты би байқауына хош келдіңіздер !!! 
         Ортаға үш дүркін Махаббат вальсінің гран-при иегерлері Б Н пен К. Э шақырамын. 
Бүгін наурыз айының 18 ші жұлдызы.Композитордың дүниеге келген күні. Мереке құтты болсын !!!
Құттықтау сөз Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ директоры  және  қалалық білім бөлімінің әдіскері, Рухани жаңғыру штабының жетекшісі беріледі.
Жүргізуші: Бекен Жамақаев «Махаббат вальсі»  атты  ІY қалалық байқауды бастауға рұхсат етіңіздер !!!
«Махаббат  вальсіне»     қатысушыларды шақырамын. 
Бекен Жамақаев атындағы IV қалалық «Махаббат вальсі» байқауына рефлексивті есеп
Бұл байқау осымен төртінші рет Т.Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Байқаудың мақсаты композитор Бекен Жамақаевтың   халықтық қайнармен біте қайнасқан саф алтындай қайталанбас романстарын, лирикалық әндерін,  «Махаббат  вальсі», арқылы адамзат баласын, жас ұрпақты жақсы көруге, туған жеріне тағзым етуге,   мейірімділікке баулып, композитордың әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып дарынды жастар тәрбиелеу. Сонымен қатар ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру, вальс өнерін, мәдениетін дамыту болды.
Биылғы байқауға қала мектептерінен 9 жұп қатысты. Жалпы байқау екі категория мұғалімдер және оқушылар арасында өтті. Байқаудың шарты бойынша әр жұп «Махаббат вальсі»  музыкасының 1 шумағы мен қайырмасына мағыналы қойылыммен   вальс  билеу керек. Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылардың барлығы дерлік жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлініп, марапатталды. Бас жүлдені ерекше қазақша стильде өнер көрсеткен №49 орта мектеп оқушылары  М Ә мен Т. Н. иеленді. Байқау соңында қатысушы қонақтар залдың эстетикалық талғамға сай мағыналы безендірілгеніне ризашылықтарын білдірді. Композитор Б.Жамақаев туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік болғанын айтты.