Жомарт Базенұлы атындағы қалалық математика олимпиадасы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жомарт Базенұлы атындағы қалалық математика олимпиадасы
27
март
2019

Жомарт Базенұлы атындағы қалалық математика олимпиадасы

ЖОМАРТ БАЗЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ   ҚАЛАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАCЫ Басталған игі іс одан әрі жалғасын тауып,  2008-2009   оқу жылында қазақ мектептерінің 5,6,7-сыныптары арасында математика пәнінен қалалық олимпиада мен мұғалімдерге арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бұл іс-шараны жылда дәстүрлі өткізу туралы шешім қабылданды. Сол жылдан бастап Ж.Б.Мархаметов атындағы кабинет қала мектептері мұғалімдерінің әр түрлі әдістемелік сұрақтарды, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар сабақтың интерактивті түрлері мен формаларын тыңдап, талқылайтын орынға айналды. Жыл сайын мектепте қалалық олимпиада өтуде.
ЖОМАРТ БАЗЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ 
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер.
Оқушылардың Жомарт Базенұлы атындағы математика пәнінен олимпиадасы туралы  аталған Ереже оқушылардың қалалық пәндік олимпиадасы туралы Ереже негізінде құрастырылды, оқушылардың математика пәнінен олимпиадасының статусы, мақсаттары мен міндеттері және оны өткізу тәртібін анықтайды. 
Оқушылардың Жомарт Базенұлы атындағы математика пәнінен олимпиадасының негізгі міндеттері мен мақсаттары: ғылыми білімді насихаттау және жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математика пәні бойынша ғылыми қызметке  қызығушылығын арттыру, математика білім саласы материалдары бойынша түсінік, тәжірибелік дағды мен біліктер қалыптастыру.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
Оқушылардың Жомарт Базенұлы атындағы математика пәнінен олимпиадасы жыл сайын өткізіледі. Жүлделі орын алған оқушылар марапаттарға ие болады.
3. Олимпиадаға қатысушылар.
3.1. Олимпиадаға 5-7 сынып оқушылары қатысады. Олимпиадаға мектептік турдан жүлделі орын алған, әр сыныптан 1 оқушы қатысады.
3.2.Қатысушылардың саны мен құрамы қала мектептерінен түскен тапсырыстар негізінде анықталады.
4. Олимпиаданың басқарылуы және әдістемелік қамтамасыз етілуі.
4.1.Олимпиаданы дайындау және өткізуді жалпы басқару  ұйымдастыру комитеті арқылы жүзеге асырылады.
4.2.Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері:
-олимпиаданы өткізудің түрі, тәртібі және мерзімін анықтау;
-олимпиаданы дайындау мен өткізуді жалпы басқаруды жүзеге асыру;
-олимпиада әділ қазыларының құрамын бекіту (әділқазылар құрамын қалалық білім бөлімі бекітеді).
4.3.Олимпиада қатысушыларының жұмысын тексеру, жеңімпаздар мен жүлделі орындарды анықтау, жеңімпаздарды марапаттау бойынша ұсыныстарды дайындау үшін математика пәні бойынша әділ қазылар жасақталады. 
4.4. Олимпиада қорытындыларын саралау және жалпылау, оның қорытындылары жайлы әкімшілікке есеп беру, қақтығысты жағдайларды шешу, тапсырмаларды дайындау және олимпиада жұмыстарын бағалау критерийлерін құрастыру үшін әдістемелік комиссия құрылады. 
5. Олимпиада қорытындыларын шығару және марапаттау.
5.1. Оқушылардың Жомарт Базенұлы атындағы математика пәнінен олимпиадасының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталады