12
September
2024
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы
Халықаралық шарттар:
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын (1989 ж.) ратификациялады. Бұл құжатқа сәйкес:
- Балалардың өмір сүруге, денсаулық сақтауға, білім алуға және қорғалуға құқығы бар.
- Баланың пікірін ескеруге міндеттеме.
- Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабына және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары жөнiндегi комитетiнiң 33-сессиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екiншi және үшiншi жиынтық мерзiмдi баяндама бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөнiндегi комитетiне белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны iске асыруы туралы екiншi және үшiншi жиынтық мерзiмдi баяндаманы жiберсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.