Қорытынды аттестаттауын дайындау АЛГОРИТМІ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » » Қорытынды аттестаттауын дайындау АЛГОРИТМІ
17
September
2020

Қорытынды аттестаттауын дайындау АЛГОРИТМІ

2020-2021 оқу жылында 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауын дайындау АЛГОРИТМІ

1. 2020 жылғы 21 қазандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес 9(10) сыныптарға қорытынды аттестаттау мынадай пәндер бойынша өтеді:
1) ана тілінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін-жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) Математика (Алгебра) бойынша жазбаша емтихан);
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).
2. 2020 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - НЗМ) НЗМ базасында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының (бұдан әрі - білім басқармалары) мамандары (жаттықтырушылары) үшін «9 (10) сыныпқа қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбы бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Одан әрі 9 (10) сынып оқушыларына арналған емтихан жұмыстарының материалдарын білім басқармалары семинарға қатысқан мамандардың қатысуымен дайындайды.
3. Қорытынды аттестаттаудың мазмұны мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі. Ерекшеліктер 24.01.2020 ж. № 5-11-2/166-И және № 5-11-2/166-И-1 хаттармен жолданған.
4. Білім басқармасының басшылары 1.02.2021 ж. дейін 9 (10) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау үшін пәндер бойынша қорытынды аттестаттау ерекшелігін пән мұғалімдеріне жеткізеді.
5. Пән мұғалімдері 9 (10) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауды бастайды.
6. Teachers-тренерлер, әдіскерлер емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеушілерге және сарапшыларға (балл қою тапсырмалары мен схемалары) арналған өңірлік оқыту семинарларын өткізеді. Өткізу мерзімі: 01.02. – 15.02.2021 ж.
7. Әзірлеуші топтар әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісінде әрбір пән бойынша кемінде 10 нұсқа көлемінде емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлейді. Емтихан жұмыстары материалдарының жобалары білім басқармасына ұсынылуы тиіс.
Әзірлеу мерзімі: 16.02. – 31.03.2021 ж.
8. Оқу пәндері бойынша сарапшылар тобы емтихан жұмыстары материалдарының әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікке сәйкестігіне сараптама жүргізеді. Емтихан жұмыстарының материалдары бар сараптамалық қорытынды білім басқармасына ұсынылуы тиіс.
Сараптама жүргізу мерзімі: 01.04-15.04.2021 ж.
9. Әзірлеуші топтар сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, емтихан жұмыстарының материалдарын пысықтауды жүзеге асырады.
Пысықтау мерзімі: 15.04-30.04.2021 ж.
10. Әзірлеуші топтар білім басқармасына емтихан материалдарының соңғы жобасын ұсынады.
Тапсыру мерзімі: 04.05.2021 ж.
11. Емтихан жұмыстарының материалдары білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
Бекіту мерзімі: 04.05-06.05.2021 ж.
12. Білім басқармалары емтихан жұмыстарының бекітілген материалдарын қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір апта бұрын білім беру ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
13. Білім басқармасының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауап береді және емтихан материалдарын әзірлеушілермен және емтихан материалдарын білім бөлімдеріне дейін жеткізушілермен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды.
14. Білім беру бөлімдерінің басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауап береді және білім беру ұйымдарына дейін емтихан материалдарын жеткізушілермен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды.
(құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің нысаны қоса беріледі).
15. Білім беру ұйымдарының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауапты болады.
16. Білім беру ұйымдарында 9 (10) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив