Дариға жүрек ҰСТАЗ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
21
May
2019

Дариға жүрек ҰСТАЗ

Дариға жүрек ҰСТАЗ !❤️Тұрсынай Әшірбайқызының өмірден қайтқанына сегіз жыл болыпты. Тау алыстаған сайын биіктей береді екен-ау ! Дариға жүрек дейтін себебім, әдебиет пен өнердің киесін, поэзияның құдіретін, сөздің қадірін білетін ерекше қасиеті. Ал, мәрттігі өз алдына бір төбе!
Өзіне ғана жарасатын, еркелеп те кететін, өкпелеп те қалатын  құбылмалы мінезі бар, көзкөргендердің көбіне апай бола білген, айлығын алғанда кезекпен кафе, блиннаяға апаратын нағыз әпке ұстаз еді-ау ! 
Туыстары мен әріптестері, 2000, 2009, 2012 жылдары мектеп бітірген шәкірттерінің демеуімен 25 мамыр күні сағат 11.30 да қазақ әдебиетінің Mayталманы, ұлтжанды ұстаз Сейсембина Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылуы болады. Құтты болсын ! Бұл игілікті іс бала үшін ! Мектеп мәңгілік қозғалыстың мекені. Осы мекеннен саналы, кеудесінде сәулесі, жүзінде нұры бар шәкірттер өсіп өне берсін!  Жанар Түлкібайқызы