ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Семейде 2013 және 2014 жылғы балалардан құралған командалар арасында қалалық ашық турнирі өтті. 🏟️ Абай облысының футбол федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылған турнир 4 ай уақытқа созылды. Аталған біріншілік Freedom Broker қолдауымен дайындаған алаңда өтті. ⚽️ Марапаттау рәсіміне 10 команда, соның ішінде “ЕліMay” және жеке футбол мектептері қатысты. 🥇Турнир қорытындысы бойынша әр жас санатындағы жеңімпаздар аталды, сондай-ақ жарыстың үздік ойыншылары құнды сыйлықтармен марапатталды.