14
December
2020
Халықаралық бизнес жобаға қатысып, жүлделі орын
Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары халықаралық бизнес жобаға қатысты. Халықаралық бизнес жоба 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив Университеті АҚШ Елшілігінің Шағын Гранттар Бағдарламасының Достарының Қауымдастығы» ЗТБ, Қазақстан Республикасы- қыздар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту үшін «Momentum» жобасын жүзеге асырады. Бағдарламаның мақсаты - кәсіпкерлік ортамен теориялық танысу, практикалық жаттығулар - тұрақты жобалар құру. Осыған мектебіміздің үздік оқушылары Мүкпенова Дана, Қайратова Еркежан, Оразбаева Раушан қатысып, ІІІ орын алды. Келесі курстарға тегін жолдама ұтып алды. Қазіргі уақытта «WowBoxes» командасы бокстар жасап, өз бизнестерін ашып, қаражат табуда.
