30
November
2020
Тұңғыш The presidentі күніне орай өткізілген іс-шаралар
1- желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш The presidentі күніне орай өткізілетін іс- шаралар жоспары негізінде мектепішілік іс–шаралар жоспарланып, бекітілді. Барлық сыныптарда онлайн форматта тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқырман қауымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау. Жас оқырмандарға The presidentтің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырды . Онда тұңғыш The presidentтің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары да бар. Көрмеде республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» , «Темир¬тауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған Н.Назарбаевтың 1958 – 1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 20-ға жуық мақалалары ұсынылды. Көрме өз дәрежесінде өтіп, оқушылар көптеген мағлұматтар алды.
