27
November
2020
«МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛҒАН ЕЛ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
2020 жылдың 20 мен 26 қараша аралығында «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» атты белсенділер мен көшбасшылардың қашықтықтан аймақтық конкурсына 10 оқушыдан құралған Семей қаласы №16 орта мектептің командасы қатысты.170-тен астам облысымыздың қала, аудан көшбасшылары мен белсенділері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысты.
Конкурс дәстүрлі түрде бірнеше кезеңде өткізілді. Белсенділер мен көшбасшылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік қашықтық конкурсына қатысты.Команда капитандары «Бір ел, бір тағдыр» деректі фильмін көру қорытындысы бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында эссе жазды.
Қорытынды кезең – Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған бейне қойылым ең әсерлі және көзтартарлық сайыс болды. Әр команда өзінің шағын қойылымында Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетті.
Бірнеше кезеңде өткен сайыстың нәтижесінде№16 орта мектепжалпыкомандалық Бас жүлдені жеңіп алса, команда капитаны 10-сынып оқушысы Алпанова Алуа 2-орынға ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде өткізілді.
Жүлдегерлеріміз дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!