"Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз"жас маман конкурсы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » "Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз"жас маман конкурсы
21
февраль
2020

"Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз"жас маман конкурсы

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ   ҰСТАЗ» атты жас педагогтардың

ІII Республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың ІІІ Республикалық байқауының мектепішілік кезеңі жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында өткізілді.
Байқауға мектептегі үш жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагогтар қатысты. Байқау үш турда өтті. Байқау ережесіне сай алдын ала қатысушылар ұйымдастырушыларға «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе, 5-8 сыныптарда өткізген 40 мин сабағын бейнетаспада (видеосабақ) сабақ жоспарымен бірге өткізіп, оны әділ-қазылар алқасы қарап, 10 баллдық жүйеде бағалады. 
Бағалауда әділ-қазылар алқасы эссенің өмірлік ұстанымына, кәсіби-жеке тұлғалық позициясына, педагогикалық идеяларға баса назар аударса, сабақты бағалауда жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізуіне, оқушыға білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгеруіне мән берді.
Үшінші турда «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында қатысушылар өздерін таныстырды. Соңғы турда қатысушылардың өзін-өзі ұстауына, шығармашылық жаңа идеяларына басты назар аударды. 
Әділ-қазылар алқасы шешімімен жүлделі ІІІ орынды ағылшын пәні мұғалімі Айдана Болатқызы Болатова, математика пәні мұғалімі Тоғжан Нұрғалиқызы Калтаева, ІІ орынды физика пәні мұғалімі Асқар Қуатұлы Ноғайбаев, І орынды информатика пәні мұғалімі Арай Қайырғазықызы Шакеновалар бөліссе, «Бас жүлдені» қазақ тілі пәні мұғалімі Жансая Талғатқызы Сағындықова иеленді.   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Асел
6 февраля 2023 18:31
Хотела участвовать, можете отправить положение