16
January
2020
Жоба жарғысы"Ашық мектеп- ашық бюджеті"
Жобаның міндеті:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру, қоғамға толық ақпарат беру, есеп беру және азаматтықоғаммен белсенді ынтымақтастық орнату. Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін айқындау және талдау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру,сыбайлас жемқорлық фактілеріне нөлдік төзімділік, сонымен қатар бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жеке басының жауапкершілігі. Білім беру саласы сыбайлас жемқорлық қатерлерінің арту аймағында. Бюджет қаражатын пайдалану, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің санаттары мен жүктемелерін анықтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау жүйесінің жоқтығы ашық мәселе емес. «Open budget- Ашық мектеп» жобасы мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға көмектеседі.Қамқоршылық қорына түскен ақшаның қайда жұмсалғандығын көре алады. Бюджеттік қаражатты игеру, оқу орындары қызметкерлерінің санаттары мен жүктемелерін анықтау.






















