14
November
2019
Театр күні
Бүгін бізде театр күні болды. «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» – деп Григорий Ревзин айтқандай, театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл театр өнерінің тазалығы, шынайылығы және өміршеңдігінің бірден-бір көрінісі.
Барлық сынып Абай театрына жиналып, керемет қойылымдарды тамашалап қайтты. 0-4 сыныптар үшін "Ер Төстік пен Шредер" заманауи ертегісі қойылып, 5-11 сыныптар "Абай" қойылымын тамашалады.
Барлық сынып Абай театрына жиналып, керемет қойылымдарды тамашалап қайтты. 0-4 сыныптар үшін "Ер Төстік пен Шредер" заманауи ертегісі қойылып, 5-11 сыныптар "Абай" қойылымын тамашалады.
