10
September
2025
«Көптілділік - кемел болашақ кепілі» айлық жоспары 8,9-сынып оқушыларымен сайыс
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай «Көптілділік - кемел болашақ кепілі» айлық жоспарының негізінде 8,9-сынып оқушыларының арасында «Ұлттың болашағы - мемлекеттік тілде» интеллектуалдық сайыс өтті. 5 турдан тұрған сайыста командалар грамматика бойынша сұрақтарға жауап берді, әдебиеттегі кейіпкерлерді тапты, кез келген әдеби шығармадан үзінді оқыды. Қазылар алқасының шешімі бойынша📌1-орынды “Шаңырақ” (8 А) және “Жас сарбаз” (8 В) командалары қанжығаларына байлады.
📌2-орынды “Абай жастары” (9 А) мен “Қыран” (9 Б) командалары иеленді.
📌3-орынды “Жалын жастар” (9 ә), “Аманов ұрпақтары” (8 Ә) және
“Асыл сөз” (8 Б) командалары бөлісті.
Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Жумабекова Р.К.
Темірғалиева Д.О.
