22
April
2025
“Чернобыль – АЭС апатына 39 жыл” толуына орай балалар кітапханасында көрме
Ұрпақты рухани тәрбиеге баулу мақсатында “Чернобыль – АЭС апатына 39 жыл” толуына орай балалар кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа тарихи шындықты жеткізу және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру. Көрмеге апат кезінде ерлікпен көзге түскен азаматтар туралы материалдар, фотосуреттер мен деректі құжаттар қойылды. Бұл көрмені көруге арнайы “Жас сарбаз” сыныбы шақырылды. Оқушылар көрме барысында Чернобыль оқиғасы туралы тың мәліметтер алып, қасіретті тарихпен танысты. Кітапхана қызметкерлері балаларға апат салдары мен оның адамзатқа тигізген зардабы жайлы түсіндіріп өтті. “Жас сарбаз” сыныбының тәрбиеленушілері ел тыныштығын сақтау жолындағы батырлардың ерлігіне тағзым етті. Көрме соңында балалар өз ойларын ортаға салып, бейбітшілік туралы эссе жазуға шабыт алды. Бұл шара жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятып, тарихи санасын қалыптастыруға өз үлесін қосты. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер балалардың жан-жақты дамуына әсер етеді.
