06
April
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Есетұлы Әділжан – облыстық турнирдің жүлдегері. 2025 жылы өткен Лепес Батыр Саршаұлы атындағы облыстық ашық турнирде, қазақ күресінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында мектебіміздің намысын қорғаған Есетұлы Әділжан ерекше нәтижеге қол жеткізді. Жас балуан намысты қолдан бермей, қарсыластарының алдын орап, 3-орын иеленді.
Бұл турнир – болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды дода. Әділжанның бұл жеңісі – оның тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Төбесіне тақиясын қисайтпайтын қазақ күресінің жігерлі жас өкіліне айналып келе жатқан Әділжанға тек сәттілік тілейміз.
Мектеп ұжымы жас балуанымызды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді. Жарайсың, Әділжан!

