14
March
2025
14 наурыз – Көрісу күні
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрамдарының бірі – Көрісу күні. Бұл мереке мектептерде кеңінен тойланып, халық арасында ерекше мәнге ие. Көрісу күні адамдар бір-бірімен құшақтасып, қол алысып, амандық-саулық тілейді. Бұл күн тек амандасу ғана емес, сонымен қатар бұрынғы өкпе-ренішті ұмытып, қарым-қатынасты нығайтуға арналған. Әсіресе, жастар үлкендердің батасын алып, үлкендер өзінен кішілерге ақ тілек арнайды. Бұл дәстүр ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық бірлікті күшейтеді. 1 «А» сыныбының оқушылары да бұл мерекені атап өтіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Сынып жетекшісі Гүлдан Сұлтанқызы оқушыларға Көрісу күнінің маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Балалар мерекеге байланысты өлеңдер оқып, шығармашылық жұмыстар жасады. Көрісу күні – татулық пен сыйластықтың, ізгілік пен кешірімнің мерекесі.