“Менделеев ізбасарлары” интеллектуалды сайысы
Мектебімізде жаратылыстану бірлестігінің “Ғылымның ғажайып төрт тірегі” атты онкүндігі аясында 9-сынып оқушылары арасында “Менделеев ізбасарлары” атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың ғылыми ізденіс қабілеттерін дамыту және танымдық деңгейін көтеру.
Сайысты химия пәні мұғалімдері Кәмелбекқызы Г. және Китапбаева Н.А. ұйымдастырып, оқушыларға химия ғылымының маңыздылығы мен оның күнделікті өмірдегі рөлі туралы мағлұмат берді.
Интеллектуалды сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:
🔹 "Таныстыру" – қатысушылар өз топтарын таныстырып, ұрандарын ұсынды.
🔹 "Білім сайысы" – оқушыларға химия бойынша теориялық сұрақтар қойылып, олардың білім деңгейі тексерілді.
🔹 "Химиялық тәжірибелер" – қатысушылар зертханалық жұмыстар орындап, өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
🔹 "Сөзжұмбақ шешу" – химиялық элементтер мен олардың қасиеттеріне байланысты тапсырмалар берілді.
Сайыс барысында оқушылар Менделеевтің ұлы еңбегіне сүйене отырып, химия әлеміндегі білімдерін шыңдады. Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
