«Абайтану: ұлттық құндылық пен сыни көзқарас»республикалық ғылыми-әдістемелік семинар » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » «Абайтану: ұлттық құндылық пен сыни көзқарас»республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
28
февраль
2025

«Абайтану: ұлттық құндылық пен сыни көзқарас»республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектепте Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, облыстық инновациялық-әдістемелік орталық, қалалық білім бөлімі және  №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен «Абайтану: ұлттық құндылық пен сыни көзқарас» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Ғылыми-әдістемелік семинар Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен мұрасын зерттеу арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғырту, қазіргі заманғы сындарлы көзқарастарды қалыптастыру және оларды білім беру, мәдениет, ғылым салаларына енгізу, «Абайтану» оқу-әдістемелік кешендерінің авторы Гүлнара Ағзанқызы Құнафинаның ғылыми-әдістемелік еңбектері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.  Семинарды  ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» вице-президенті Руслан Әділханұлы Қаратабанов алғысөзбен ашты.

Семинар аясында теориялық және әдістемелік алаңдарда абайтануды оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Теориялық алаңда Жандос Мағазбекұлы Әубәкір, Айман Советқызы Ақтанова сынды ғалымдар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Сейітжапарқызы Қайрамбаева Абайтануды оқытудың ғылыми негіздері туралы өзекті ойларын ортаға салды. Әдістемелік алаңда Астана, Алматы, Павлодар, Семей қалаларынан мектеп мұғалімдері  орта мектепте Абайтануды оқытудағы озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, №16 мектептің мұғалімдері Ж.Н.Нурлыбаева, Ж.Е.Есенова шеберлік сыныптарын, ал Р.К.Жумабекова 5 сыныппен сабақ өткізді.

Семинар соңында семинарға қатысушылар семинардан түйген ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив