Мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаттары
Мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай тәрбие сағаттары өтті. Өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында мектебімізде Біріңғай өрт қауіпсіздігі күніне арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға өрттің пайда болу себептері, одан сақтану жолдары және алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі эвакуация тәртібі мен 101 қызметіне қоңырау шалу тәртібі жайлы ақпарат берілді. Қауіпсіздік шараларын бекіту мақсатында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ-жауап форматында талқылаулар өтті.
Сонымен қатар, оқушылармен өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану, түтіннен қорғану және ғимараттан дұрыс шығу жолдары бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Бұл іс-шаралар балалардың қауіпсіздік ережелерін саналы түрде ұстанып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуіне ықпал етті.
Осындай пайдалы тәрбие сағаттары үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Қауіпсіздік — баршамыздың ортақ міндетіміз!
