20
September
2024
Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері
Ата-аналарды қолдау орталығының сабағы: “Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері” Қатысушылар: 5-сынып оқушыларының ата-аналары. Мақсаты: Ата-аналардың жасөспірімдердің ұйқы режиміне жауапкершілікпен қарауын насихаттау. Бұл жасөспірімдердің денсаулығы мен психикалық саулығын сақтауда маңызды фактор болып табылады. 2024 жылғы 20 қыркүйекте 5-сынып жетекшілері ата-аналарды қолдау орталығында жиналыс өткізді. Жиналыста ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, балалардың ұйқы режимі бойынша тәжірибелерімен алмасты. Ата-аналар балаларының ұйқысының сапасы оқу үлгерімі мен мінез-құлқына қалай әсер ететінін талқылады.
