30
September
2024
"Қамқор жобасы" аясында "Қарттарым – асыл қазынам"
1 "Г" сыныбында "Қамқор жобасы" аясында "Қарттарым – асыл қазынам" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің бойына үлкендерді құрметтеп, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, "Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?" атты қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл сабақта балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сақ болу қажеттілігі түсіндіріліп, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары үйретілді.
Сабақ барысында балалар өмірлік маңызды ақпарат алып, оны өмірде қолданудың әдістерін талқылады. Іс-шараны ұйымдастырған жетекші Имангалиева М.М. оқушыларға тәрбиелік мәні зор мағлұматтар беріп, қызықты әрі пайдалы кездесу өткізуге ықпал етті.
