25
October
2024
«Әнұран айту» челленджі
Республика күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың белсенді қатысуымен елге деген құрмет пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды. Мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі – Әнұранды қадірлеу және оны мақтанышпен орындау үшін мектебімізде «Әнұран айту» челленджі өтті. Оқушылар жүрек тебірентерлік жігермен Әнұранды бірге орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл шара Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын құрметтеу мен жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

