12
March
2019
TedX жобасы «Бақыт деген не?»
Күні: 12.03.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Ажгожина М.Д Кенжина Н | |||
Сынып: 5-7 | Қатысқандар саны: 110 | |||
Жобаның тақырыбы: TedX жобасы «Бақыт деген не?» | ||||
Жобаның түрі: Өз ойларын еркін айту, пікір алмасу | ||||
Жобаның мақсаты | Оқушылардың бойында шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру TED -тің «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алу, этикалық, танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылап, құндылықтар мен мақсаттарды қалыптастыру, оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту секілді дағдыларды қалыптастыру, сол арқылы оқушының тұлға ретінде дамуына үлес қосу. | |||
Күтілетін нәтиже | Клубта оқушылар қойылған мәселе бойынша өз пікірлерін жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылар өз ойын ашық айтады, дәлелді сөйлеп, пікірін дәйекті қорғай біледі, басқа адамның ой-пікірін, көзқарасын сыйлап, тыңдай біледі, басқа көзқарасқа құрметпен қарайды | |||
Жобаның өтілу барысы Ресурстар | ||||
Жобаның басы | Жүргізуші кіріспе сөз арқылы жобаны бастайды. Ортаға 6-7-сыныптың оқушылары ТЕД х жобасының мақсатын өлеңмен түсіндіреді. 7«А» сынып оқушысы М.А. «Қобыланды батыр жыры» жатқа оқиды | Әуен | ||
Жобаның ортасы | Ортаға 5-7сыныптың спикерлері шақырылады.
4.7 «А» сынып оқушысы А.М «ЖоMarch жоғын білдірмейді» 5. Қ.Ә «Аманатқа қиянат жасамау» 6. 7 «ә» сынып оқушысы С.Е «Алдымен сүй, ардақта ана- анаңды» 7. 7 «б» сынып оқушысы Қ.Р «Қанағат- қарын қойғызады» | Слайдтар Бейнетаспа | ||
Жобаның аяғы | Feedback «Бақыт деген не?» деген сұраққа тыңдармандар тарапынан жауап алу. Тыңдармандар келесі ТЕДх ке арқау болар тақырыпты айтады. Өз ойымен бөліседі. Жүргізушінің қорытынды сөзі | |||
Рефлексия | Бүгін оқушылар не білді? TedX жобасында оқушылар «Бақыт деген:
| |||
Қорытынды бағамдау | Оқушыларды әлі де белсенді қатысуға, яғни тақырыпқа байланысты өз пікірін жасқанбай, еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру. 10-сынып оқушылары тарапынан түскен ұсынысты ескеріп, болашақта түлектерді шақырып мамандық таңдауға, сол мамандыққа байланысты пәндерді таңдау, дайындық жұмыстарын жүргізудің қыр-сыры туралы ТED форматында жоба ұйымдастырып өткізу. Тыңдармандарды өздеріне тарту, қызықтыру мақсатында спикерлерге әлі де көбірек жұмыс жүргізу қажеттігі туындады. |


