
2024 жылдың 4 қазаны күні №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік жиынның құрметті қонақтары, мектебімізде 40 жылдан астам қызмет еткен ардагер ұстаздарға, сый-сияпаттар көрсетілді. Жиын басын мектеп директоры Сатаева Айгүл Уасилқызы құттықтау сөзімен ашып, бірнеше ұстазымызға Оқу-Ағарту министрінің Құрмет грамотасын табыстап, мектебіміздің атын асқақтатып, қажырлы еңбек сіңіріп, талай олимпиадалар мен интеллектуалды жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарды грамотамен және сыйақымен марапаттады. Соңынан, болашақ түлектер мерекелік нөмірлерін ұстаздар қауымына арнап, мерекелік-көңіл кhouseсыйлады.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей #апқо_абай_облысы_семей #semey_bilim_bolimi