02
февраль
2024
Оқушыларды қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау
"Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-мен бірлесіп, «№16 Т.Аманов атындағы орта мектеп» Education Department of Kerbulak districtнде облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу міндетіне сәйкес қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің құзыреттіліктерін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Ұйымдастырушы: «Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ директоры м.а. Айнур Серғалиқызы Исабаева және «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ Оқыту мазмұны мен білім сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Төлеуғайша Әуелханқызы Алиева, «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Дана Бекенқызы Отынбаеваға көп рақмет. Байқаудың бірінші кезеңінде Мағжан Жұмабаев (130 жыл), Сұлтанмахмұт Торайғыров (130 жыл), Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынованың бір шығармасын мәнерлеп оқыды. Әділқазы мүшелері: Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы - Шәкәрім университеті оқытушысы, профессор; Дана Бекенқызы Отынбаева -«Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері; Ақсуат ауданы Ысқақ Кабеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-зерттеуші - Сейсенбинова Динара Асқарқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық мәнерлеп оқу байқауында І орын иеленген Құрманғалиева Дана Ержанқызы «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ мұғалімі С.Торайғыровтың «Мен Қазақ» өлеңін оқыды. Құтты болсын!
Байқаудың екінші кезеңінде республикалық деңгейде оқушылары жүлделі орын алған ұстаздар мастер-класс өткізді. Г.А. Кунафина - Семей қаласы «№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер; Ж.Е. Есенова - Семей қаласы «№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы;
Р.Қ. Жумабекова -«№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
А.Т. Комекова - Аягөз ауданы «Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Ж.Ж. Мырзабекова - Семей қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Ж. Қасымқызы -«А.Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Мәнерлеп оқу сайысы мәңгілікке тот баспайтын асыл өнеріміздің бірі ұрпаққа жалғаса бермек.


