С.Қ.Нұрмағамбетовтің 100 - жыл толу қарсаңына арналған ерлік сабағы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » С.Қ.Нұрмағамбетовтің 100 - жыл толу қарсаңына арналған ерлік сабағы
13
November
2023

С.Қ.Нұрмағамбетовтің 100 - жыл толу қарсаңына арналған ерлік сабағы

2023 жылдың 13 - қарашасында 100 - жылдық тарихы бар / 16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Сағдат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 - жыл толу қарсаңына арналған ерлік сабағы өтті. Іс - шараға Абай облысы, Семей қаласы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, әскери қызметті насихаттау және идеологиялық жұмыс бөлімше бастығы сержант Иманбаева Назым Айтбайқызы,  бөлімше инспекторы Турганбаева Сәуле Айдарғазықызы, Семей гарнизоны, әскери полиция Жасағының өкілдері, Аягөз, Семей, Өскемен  гарнизондарында бөлім командирі лауазымын атқарған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, бүгінде Семей қаласындағы, Әлейхан Бөкейханов атындағы Заң Университетінің аға оқытушысы, отставкадағы полковник Тойкенов Азамат Шаубанұлы, Ауған соғысы ардагері Сыздықов Ғажайып Төлеусейітұлы қатысып, сұхбат жүргізіп, оқушылар сауалдарын қойды. Іс - шара алдында 8-9-10 сыныптар арасында  әскери-спорттық жарыс  өтті. Жарыс ережесінде көрсетілгендей  4 оқушыдан тұратын командаға (2ұл, 2 қыз) қатысты. Оқушылар пневматикалық мылтықтан тұрып атумен, оқжатар жарақтау, ұлдар бел темірге тартылу, қыздар шалқалап жатып денені көтеру, жалпы әскери қорғаныш толымын киюден бақтарын сынады. Сайысқа әскери полиция жасағы басқармасының өкілдері төрешілік жасады. Барлық жеңімпаз оқушылар Абай облысы, Семей қаласы, Қорғаныс істері  басқпрмасының бастығының мадақтамасымен марапатталды.

/16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы Чурчитбаев Екпін Мұратұлы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив