08
April
2023
Волейбол ойынынан жолдастық кездесу
N16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте "Дене шынықтыру, АӘД және музыка" пән бірлестігінің апталығында магниттік мектептер Бөкенші, N36 ЖОББМ және N16 ЖОББМ ұлдар командалары арасында Волейбол ойынынан жолдастық кездесу өтті. Мақсаты: Спорттық ойынынан жарыс ұйымдастыру арқылы білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және жолдастық, достық қарым-қатынастарды нығайтуға тәрбиелеу. Жарыс нәтижесі бойынша Бөкенші командасы І орын,N16 ЖОББМ ІІ орын,N 36 ЖОББМ ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
