Әртүрлі елдегі амандасу салттары » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » Әртүрлі елдегі амандасу салттары
06
февраль
2023

Әртүрлі елдегі амандасу салттары

Қазақ халқы сәлемдесу мәдениетіне аса мән берген. "Сәлем – сөздің анасы", "Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше", "Сәлемге сөз таба білмеген халыққа жол таба білмейді" деген мақал-мәтелдер сөз басы сәлемдесу екенін ұқтырады. Әр елдің амандасу салтымен танысу, және өз халқымыздың дәстүрлерімен салыстыру және әр түрлі халықтар өмірінен мол мағлұмат  алып оқушыларға насихаттау.
Қазақ халқында, әдетте, сәлемдесу жоралғысы – кішіден үлкенге қарай, ал жауап сәлем үлкеннен кішіге қарай жүреді. Бетпе-бет келіп қалғанда бір-бірінің үлкен кішілігін ажырата алмаған кезде жолы кішісі жолы үлкенге алдымен сәлем береді. Үлкенге кіші, әйелге ер адам, аттыға жаяуы, отырғанға тұрғаны, алыстан келгенге ауыл адамы, жатқан адамға тұрған адам, ауру адамға сау адам, көп адамға аз адам бұрын амандық білдіреді. Егер сәлем бермей өтсе, "көргенсіз", "сәлем беруге жарамаған" деп сөгетін болған.
Сәлем бергенде сөзбен бірге қимыл қатар жүреді. Мәселен, қазақ дәстүрінде қолмен амандасу, қос қолдап амандасу, төсіне қолын қойып амандасу, тізесін бүгіп амандасу, иек қағып (көтеріп) амандасу, төс қағыстырып амандасу, бас изеп амандасу, маңдайдан, қолдан, беттен сүйіп амандасу, қол көтеріп амандасу тәрізді амалдары бар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив