04
September
2018
РОБОТОТЕХНИКА үйірмесі
РОБОТОТЕХНИКА үйірмесі
Мақсаты: Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру
Міндеттері:
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
- Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.
- Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
- Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру
- Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту
- Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
- Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау
- Жобаны шығармашылықпен қорғау
- Диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдану
жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология мамандықтарына негізделген.
Үйірмені ұйымдастыру формасы: дәріс,ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, есептер шығару, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау
Үйірме оқытуды аяқтау формасы:
Роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру
Роботтардың таныстырылымы және сайысы.
Жеңімпаздарды анықтау.
Күтілетін нәтиже:
- Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау
- Қарапайым роботтарды басқару
- LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу
- Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
- Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану
- Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту