24
January
2023
Тәжірибе алмасу сабағы
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертханалық кабинеттің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша “№16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумабекова Рауия Қалыбекқызы 6-сынып оқушыларына Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Зертхана жетекшісі Қ.Қ.Жакенова, Г.А.Досжанова және шығармашылық топ мүшелері өткізілген сабақты талдап, өз ойларымен бөлісті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.