19
October
2022
7-8 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы
Қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалардың бірі-Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген 7-8 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы өтті. "Жүз жылдық жара " әңгімесінің идеясына арналған жиынға оқушылар қызыға қатысты. Алдымен жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алған соң, әңгіменің қысқаша мазмұны мұғалімнің көмегімен талданды. Кие деген сөздің мән-мағынасына баса назар аударылып, балалар өз ойларын қызықты жеткізе білді. Сабақ соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балжан Сейтказықызы көрмемен таныстырып, жазушы туралы қызықты да тың ақпараттар айтты
