01
November
2022
Lesson Study үдерісі
Teachersдің кәсіби біліктілігін жетілдірудің тиімді жолдарының бірі - Lesson Study үдерісі екендігіне тағы бір көз жеткіздік. Биылғы оқу жылында N16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте бірлескен зерттеу тобының құрамында Lesson Study үдерісін жүргізу оң нәтижесін беруде. Бірінші зерттеу сабағының жоспарын дайындауға ұйымдастырылған ынталы топ отырысында таңдап алынған сыныптың жағдайы, зерттеу қандай мақсатта жүргізілетіні, өтілетін сабақтың сабақ жоспары, таңдап алынатын әдіс-тәсілдер мұқият талданды. Топ жұмысын ұйымдастырушы педагог-шебер, мектеп тренрі Негмеджанова Г.К әр отырыстың уақытымен өтуіне, Lesson Study жоспарының сауатты құрылуына басшылық жасай отырып, қажетті ақпараттардың уақытында жиналуын қадағалап отырды.
